«Барыс» қатарынан төртінші мәрте жеңіліп қалды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Лада» (Тольятти) командасына қарсы өткізді.

хоккей
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Елордалық клуб қатарынан үш мәрте жеңілістің ащы дәмін татып, турнир кестесіндегі жағдайын қиындатып алған еді.

Салдарынан 49 ойыннан кейін 40 ұпаймен 19-орында тұр.

хоккей
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Сол себепті қазақстандық клуб әрбір ойында жеңіске жетудің маңызы зор болатын.

Кездесу барысында қос команда белсенді бастады.

Ойынның 10-минутында ресейлік хоккейші Никита Попугаев соққан гол «Лада» командасын алға шығарды.

хоккей
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Екінші кезеңде олардың қатарынан Андрей Алтыбармакян 30, Трой Джозефс 38-минутта мергендік танытты.

Осылайша елордалық клуб қарсыласына 0:3 есебімен есе жіберді.

хоккей
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Енді «Барыс» алдағы ойынын 16 қаңтарда елордада Ресейдің «Салават Юлаев» командасына қарсы өткізеді.

Одан кейін 19 қаңтарда ЦСКА (Мәскеу), 22 қаңтарда «Автомобилист» (Екатеринбург) клубтарымен шеберлік байқасады.

хоккей
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

 

Соңғы жаңалықтар