«Барыс» қатарынан төртінші мәрте жеңіліске ұшырады

Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде ЦСКА (Мәскеу) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Барыс» қатарынан төртінші мәрте жеңіліске ұшырады
Фото: "Барыс" ХК баспасөз қызметі

Кездесу барысында ресейлік хоккейшілер жылдам гол соғу мүмкіндігін іздеді.

Ойынның 8-минутында ресейлік клубтан Павел Корнаухов мергендік танытты.

Ал 35-минутта Михаил Григоренко, 44-минутта Даррен Диц, Константин Окулов 56-минутта есепті үстемелей түсті.

Осылайша елордалық клуб қарсыласына 0:4 есебімен есе жіберді.

Салдарынан қатарынан төртінші мәрте жеңілістің ащы дәмін татып отыр.

Екі команда бұған дейін 29 мәрте кездесті. Оның 10-ы елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік команда жеңіске жетті.

Турнир кестесінде «Барыс» 14 ойыннан кейін 10 ұпаймен 20-орында тұрса, ЦСКА 14 ойыннан кейін 13 ұпаймен 9-орынға орналасты.

«Барыс» бұдан кейін 6 қазанда «Витязь» (Подольск) клубымен шеберлік байқасады.