«Барыс» командасы бүгін елордада «Авангардпен» кездеседі

Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Авангард» (Омбы) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды Kazinform.

хоккей
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Кездесу бүгін, 28 желтоқсан күні, елорда уақытымен сағат 19:30–да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 74 мәрте кездесті.

Оның 25-і елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік команда жеңіске жетті.

Турнир кестесінде «Барыс» 43 ойыннан кейін 33 ұпаймен 23-орында тұр.

Ал «Авангард» 42 ойыннан кейін 59 ұпаймен 6-орында келеді.

Айта кетсек, астаналық клуб биылғы маусымды сәтсіз өткізіп келеді.

Соңғы 10 ойынның небәрі төртеуінде жеңіске жетті.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» хоккейшілері елордада «Сочиді» жеңді.