«Барыс» командасы бүгін «Локомотивпен» кездеседі

Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Локомотив» (Ярославль) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды Kazinform.

«Барыс»
Фото: ХК «Барыс»

Кездесу бүгін, 3 қаңтар күні, елорда уақытымен сағат 19:50-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 31 мәрте кездесті.

Оның 10-ы елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік команда жеңіске жетті.

Турнир кестесінде «Барыс» 45 ойыннан кейін 37 ұпаймен 19-орында тұр.

Ал «Локомотив» 44 ойыннан кейін 63 ұпаймен 2-орында келеді.

Айта кетсек, астаналық клуб биылғы маусымды сәтсіз өткізіп келеді.

Соңғы 10 ойынның небәрі төртеуінде жеңіске жетті.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» алдағы төрт ойынға қатысатын құрамын жариялады.