«Барыс» командасы бүгін «Трактормен» кездеседі
Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Трактор» (Челябі) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды Kazinform.
Кездесу бүгін, 5 қаңтар күні, елорда уақытымен сағат 17:30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Екі команда бұған дейін 55 мәрте кездесті. Оның 31-і елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік команда жеңіске жетті.
Турнир кестесінде «Барыс» 46 ойыннан кейін 39 ұпаймен 19-орында тұр.
Ал «Трактор» 47 ойыннан кейін 55 ұпаймен 10-орында келеді.
Елордалық клуб соңғы 10 ойынның алтауында қарсыластарын қапы қалдырды.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» қатарынан төртінші мәрте жеңіске жетті.