«Барыс» командасы елордада «Трактормен» кездеседі

Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Трактор» (Челябі) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды Kazinform.

«Барыс» вновь опустился на последнее место в КХЛ
Фото: Sports.kz

Кездесу бүгін, 30 желтоқсан күні, елорда уақытымен сағат 14:00-дe басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 54 мәрте кездесті.

Оның 30-ы елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік команда жеңіске жетті.

Турнир кестесінде «Барыс» 44 ойыннан кейін 35 ұпаймен 21-орында тұр.

Ал «Трактор» 45 ойыннан кейін 55 ұпаймен 10-орында келеді.

Айта кетсек, астаналық клуб биылғы маусымды сәтсіз өткізіп келеді.

Соңғы 10 ойынның небәрі төртеуінде жеңіске жетті.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» хоккейшілері қатарынан екінші мәрте жеңіске жетті.