«Барыс» командасы Иван Ромазан мемориалына аттанды

АСТАНА. KAZINFORM - Елордалық «Барыс» 26-29 тамыз аралығында шайбалы хоккейден маусым алдындағы дәстүрлі Иван Ромазан мемориалына қатысады.

«Барыс» командасы Иван Ромазан мемориалына аттанды
Фото: hcbarys.kz

Михаил Кравец шәкірттері Магнитогорскіге келесі құрамда аттанды.

Қақпашылар: Джохар Дударкиев, Артём Шестаков, Андрей Шутов

Қорғаушылар: Бейбарыс Оразов, Дмитрий Бреус, Артём Королёв, Матвей Решетько, Тамирлан Гайтамиров, Самат Данияр, Әділ Бекетаев, Кирилл Никитин

Шабуылшылар: Всеволод Логвин, Дінмұхаммед Қайыржан, Артур Гросс, Әлихан Өмірбеков, Батырлан Мұратов, Максим Мухаметов, Эмиль Галимов, Руслан Оспанов, Кирилл Ляпунов, Вячеслав Колесников, Абай Маңғысбаев, Семён Симонов, Ансар Шайхмедденов (сынақ келісім-шарты), Кирилл Савицкий, Майкл Веккьоне, Әлихан Әсетов.

Команда құрамындағы Никита Бояркин, Роман Старченко, Иван Николишин жарақат алған ойыншылар тізімінде тұр. Ал Джейк Масси, Иэн Маккошен, Тайс Томпсон, Оливье Родриг, Мэйсон Морелли, Райли Уолш қажетті құжаттарды рәсімдеп жатыр. Сондықтан олар турнирге қатыса алмайды.

Бұл турнир Ресейдің Магнитогорск қаласында 26-29 тамыз аралығында болады.

Оған жергілікті «Металлург» командасынан бөлек сол қаланың тағы бір клубы«Магнитка», Уфаның «Салават Юлаев» астаналық «Барыс» командасы айналмалы жүйе бойынша өзара кездеседі.

«Барыс» командасының ойындар кестесі (Астана уақытымен):

  • 26 тамыз, 15:00. Барыс» - «Магнитка»
  • 27 тамыз, 15:00. «Барыс» - «Салават Юлаев»
  • 29 тамыз, 19:00. «Металлург» - «Барыс».