18:05, 17 Қазан 2024 | GMT +5
«Барыс» командасының бас директоры тағайындалды
АСТАНА. KAZINFORM - Елордалық «Барыс» хоккей командасының бас директоры қызметіне Нұрлан Оразбаев тағайындалды.

Бұл шешімді «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» корпоративтік қоры қабылдады.
Айта кетсек, қазан айының басында Борис Иванищев «Барыс» хоккей клубы бас директоры қызметінен кетті. Оған команданың Құрлықтық хоккей лигасындағы сәтсіз ойын көрсетуі себеп болды.
Салдарынан биыл бас бапкер қызметіне таағйындалған канадалық маман Дэвид Немировски қызметінен шеттетілді.
Оның орнына ресейлік маман Вячеслав Буцаев «Барыс» хоккей клубына бас бапкер болып тағайындалды.
Қазір елордалық клуб Құрлықтық хоккей лигасындағы турнир кестесінде соңғы орынды місе тұтып тұр.