«Барыс» көш басындағы «Металлургтен» басым түсті

Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Металлург» (Магнитогорск) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды Kazinform.

Барыс
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Биылғы турнирде қазақстандық команда сәтсіз ойын көрсетіп келеді. Салдарынан турнир кестесінде соңғы 23-орынды місе тұтып тұр.

Есесіне «Металлург» жинақы ойынымен бірінші орында келеді. Команда құрамында Никита Михайлис, Максим Мухаметов, Павел Акользин сынды қазақстандық хоккейшілер ойын көрсетеді.

Кездесу басынан елордалық команда белсенді қимыл көрсетті. Нәтижесінде олардың қатарынан Алкадий Шестаков 11, Данил Апальков 21-минутта мергендік танытты.

Келесі кезекте «Металлург» сапынан Дмитрий Силантьев 28-минутта есеп айырмасын қысқартқан еді.

Астаналық командадан Эмиль Нұрғалиев 25-минутта гол соқса, 42-минутта Әлихан Өмірбеков көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Ал қазақстандық Әділ Бекетаев 49-минутта бос қалған қақпаны дәл көздесе, ресейлік клубтан Никита Михайлис қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша «Барыс» қарсыласынан 5:2 есебімен басым түсті.

Барыс
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Енді «Барыс» алдағы төрт ойынын сырт айдында өткізеді.

Алдымен 3 желтоқсанда Ресейдің «Северсталь» (Череповец) клубымен кездессе, одан кейін 5 желтоқсанда «Авангард» (Омбы), 7 желтоқсанда «Сибирь» (Новосібір), 19 желтоқсанда «Салават Юлаев» (Уфа) клубтарымен шеберлік байқасады.

Барыс
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform
Барыс
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Еске салсақ, бұдан бұрын елордалық клуб елордада «Витязь» командасына есе жіберді.

Барыс
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform
Барыс
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform
Барыс
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

 

 

Соңғы жаңалықтар