«Барыс» овертаймда «Нефтехимиктен» басым түсті
Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Нефтехимик» (Нижнекамск) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды Kazinform.

Кездесу барысында ресейлік хоккейшілер белсенді бастады. Нәтижесінде ресейлік клубтан Андрей Белозёров есеп ашса, одан кейін «Барыс» сапынан Руслан Оспанов, Нельсон Ножье екі голдың авторы атанды.
Ал Андрей Белозёров екінші кезеңде тағы бір мәрте мергендік танытып, таразы басын теңестірді.

Одан кейін Кирилл Савицкий «Барысты» алға шығарса, Александр Дергачёвтің голынан кейін тағы да есеп теңесті.
Негізгі кезеңі 3:3 есебімен тең аяқталып, ойын овертаймға ұласты.
Овертаймда елордалық командадан Понтус Оберг жеңіс шайбасын соқты.
Осылайша «Барыс» қарсыласынан овертаймда 4:3 есебімен басым түсті.
«Барыс» (Астана, Қазақстан) - «Нефтехимик» (Нижнекамск, Ресей) 4:3 (1:1, 1:1, 1:1, 1:0)

0:1 - 07:39 Андрей Белозёров (Александр Дергачёв, Наиль Якупов)
1:1 - 11:11 Руслан Оспанов (Дмитрий Гурков)
2:1 - 32:07 Нельсон Ножье (Аркадий Шестаков)
2:2 - 39:06 Андрей Белозёров (Никита Сетдиков, Евгений Кашников)
2:3 - 55:28 Кирилл Савицкий (Батырлан Мұратов, Егор Шалапов)
3:3 - 57:04 Александр Дергачёв (Андрей Белозёров)
4:3 - 61:31 Понтус Оберг (Энтони Камара)

Қақпашылар: Андрей Шутов - Филипп Долганов
Енді «Барыс» алдағы ойынын 27 қарашада елордада Ресейдің «Витязь» (Подольск) командасына қарсы өткізеді.
Еске салсақ, «Барыс» командасы Ресейдің «Торпедо» (Нижний Новгород) командасына есе жіберді.


