«Барыс» өз алаңында ерекше жеңіске қол жеткізді
Қазақстандық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Авангард» (Омбы) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды Kazinform.


Алғашқы минуттан елордалық команда құрамында төмендегі хоккейшілер айдынға шықты: Паскуале (Шутов), Скленичка-Ножье, Старченко-Шестаков-Оберг, Хенкель-Данияр, Камара-Червени-Ла Бейт, Бекетаев-Шалапов, Савицкий-Апальков-Мұратов, Оспанов, Рымарев-Әмірбеков-Әсетов.
Командалардың турнир кестесіндегі жағдайы түрліше.

Биыл сәтсіз ойын көрсетіп жүрген «Барыс» 43 ойыннан кейін 33 ұпаймен 23-орында тұрған еді.

Керісінше «Авангард» 42 ойыннан кейін 59 ұпаймен 6-орында келеді.
Кездесуде елордалық команда қарсыласынан 5:1 есебімен басым түсті.

Осылайша қазақстандық команда қатарынан екінші мәрте жеңіске жетті.
Одан кейін ресейлік клуб екі мәрте сан басымдығына ие болды. Соған қарамастан таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ.

«Барыс» енді алдағы ойынын 30 желтоқсанда елордада Ресейдің «Трактор» (Челябі) командасында қарсы өткізеді.
