«Барыс» өз алаңында «Локомотив» командасынан жеңіліп қалды

Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада ресейлік «Локомотив» (Ярославль) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды Kazinform.

Барыс
Фото: Kazinform

Ресейлік клуб биылғы маусымды сәтті өткізіп жатыр. Олар 7 ойыннан кейін 27 ұпаймен турнирлік кестенің ең төбесіне жайғасқан. Ал «Барыс» керісінше 17 ойыннан кейін 15 ұпаймен 19-орында жүр. Сондықтан жанкүйерлер бүгінгі кездесуде қазақстандық команда жеңіске жету үшін бар күшін салып, ұпай алуға тырысатынына сенді. 

Ойынның алғашқы кезеңінде командалар шабуылға көбірек көңіл бөлді. Нәтиежесінде 3-минутта Даниил Бут есеп ашса, Павел Красковский (32, 41) қос шайбамен есепті үстемелей түссе, Максим Шалунов 46-минутта басымдықты одан сайын арттырды. Ал иелері 4 шайбадан кейін абдырап, 56 минутта Даниил Буттың, 59-минутта Данил Тесановтың көзге түсуіне мүмкіндік беріп қойды. Осылайша «Барыс» қарсыласына ірі есеппен, яғни, 0:6 есебімен есе жіберді.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» қатарынан екінші мәрте жеңіске жетті. 

Енді «Барыс» елордада 15 қазан күні «Металлург» (Магнитогорск) клубымен шеберлік байқасады. 

Соңғы жаңалықтар