«Барыс» өз айдынында «Авангардты» жеңе ала ма

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, 10 қазанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Авангард» (Омбы) командасына қарсы өткізеді. 

Барыс ХК
Фото: Барыс ХК

Ойын елорда уақытымен 19:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. 

Екі команда бұған дейін 78 мәрте кездескен. Оның 26-ы елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойында ресейлік команда жеңіске жеткен. 

Кейінгі бес кездесудің төртеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді. 

Қазақстандық команда бұдан кейінгі тағы бір ойынын елордада өткізіп, 16 қазанда «Салават Юлаев» (Уфа) клубымен шеберлік байқасады. 

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» хоккей клубының бас директоры қызметінен кетті. 

Соңғы жаңалықтар