«Барыс» Ресейде «Адмирал» командасына есе жіберді
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Адмирал» (Владивосток) командасына қарсы өткізді.

Кездесу барысында командалар бір-бірінің қақпасынан саңылау табуға тырысты.
Бірінші кезеңде «Адмирал» сапынан Дмитрий Бучельников 14-минутта есеп ашты.
Ал 21-минутта елордалық командадан Даниил Апальков 21-минутта таразы басын теңестірсе, Джозеф Лабейт 26-минутта «Барысты» алға шығарды.
Ойынның 38-минутында ресейлік клубтан Джованни Фьоре көздеген нысанадан мүлт кетпесе, одан кейін Алексей Соловьёв 46, Леонид Метальников 58-минутта басымдықты арттырды.
Осылайша «Барыс» қарсыласына 2:4 есебімен есе жіберді. Бұл – елордалық клубтың қатарынан он бірінші жеңілісі.
Екі команда бұған дейін 33 мәрте кездескен. Оның 18-і елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойындарда ресейлік команда жеңіске жеткен.
Бұл кездесуден кейін қазақстандық ұжым тағы бір ойынын 14 ақпанда Ресейде «Адмирал» командасымен өткізеді.