«Барыс» Ресейде «Лада» командасынан жеңіліп қалды
Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Лада» (Тольятти) қарсы өткізді, деп хабарлайды Kazinform.

Кездесу барысында ресейлік клуб алғашқы болып есеп ашты. Олардың қатарынан Иван Романов 6-минутта мергендік танытса, 33-минутта Остап Сафин есепті үтемелей түсті.
Оған 37-минутта «Барыс» хоккейшісі Понтус Оберг бір голмен жауап қайырды.
Үшінші кезеңде қазақстандық команда таразы басын теңестіруге ұмтылды. Дегенмен діттеген мақсатына жете алған жоқ.
Осылайша елордалық клуб қарсыласына 1:2 есебімен есе жіберді.
«Барыс» бұдан кейін тағы 3 кездесуін сырт алаңда өткізеді. Алдымен, 20 қазанда Ресейдің «Cочи» командасымен кездессе, одан кейін 22 қазанда Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» (Бейжің), 24 қазанда Ресейдің «Автомобилист» (Екатеринбург) клубымен шеберлік байқасады.
Еске ссалсақ, бұдан бұрын «Барыс» овертаймда «Металлург» командасынан жеңілді.