«Барыс» Ресейде «Металлург» командасына есе жіберді

Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Металлург» (Магнитогорск) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды Kazinform. 

«Барыс» Ресейде «Металлург» командасына есе жіберді
Фото: Kazinform

Биыл елордалық клуб сәтсіз ойнауға мәжбүр. Турнир кестесінде «Барыс» 25 ойыннан кейін 21 ұпаймен 20-орында тұр. Ал «Металлург» 26 ойыннан кейін 32 ұпаймен 5-орынға орналасқан.

Бүгінгі ойын барысында қазақстандық команда алғашқы болып есеп ашты. Ойынның 11-минутында Аркадий Шестаков мергендік танытты.

Ал «Металлург» сапынан 25-минутта Макар Хабаров таразы басын теңестірсе, 43-минутта Егор Коробкин өз командасын алға шығарды.

Олардың қатарынан Алексей Маклюков 54-минутта көздеген нысанадан мүлт кетпесе, қазақстандық командадан Кирилл Савицкий қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша «Барыс» қарсыласына 2:3 есебімен есе жіберді.

Елордалық клуб енді 2 қарашада Ресейдің «Автомобилист» (Екатеринбург) клубымен шеберлік байқасады.

Еске салсақ, бұдан бұрын Ресейдің «Торпедо» (Нижний Новгород) командасына есе жіберді.

Соңғы жаңалықтар