«Барыс» жаңа бапкермен «Локомотивтің» осал тұсын таба ма
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, 10 қазанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Локомотив» (Ярославль) командасына қарсы өткізеді.
Ойын елорда уақытымен 19:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Екі команда бұған дейін 33 мәрте кездескен. Оның 11-і елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойында ресейлік команда жеңіске жеткен.
Кейінгі бес кездесудің үшеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.
Енді қазақстандық команда бұдан кейінгі екі ойынын сырт айдында өткізеді. Алдымен 19 қазанда 21 қазанда Беларусьте «Динамо» (Минск) клубымен кездессе, 23 қазанда ресейлік «Сибирь» (Новосібір) командаларымен шеберлік байқасады.
Еске салсақ, 17 қазанда «Барыс» хоккей командасының бас директоры қызметіне Нұрлан Оразбаев тағайындалды.
Сондай-ақ Ғалым Мәмбетәлиев «Барыс» командасына бас бапкер болып тағайындалды.