«Барыс» жетінші мәрте жеңілістің ащы дәмін татты

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Динамо» (Мәскеу) командасына қарсы өткізді.

барыс
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Елордалық клуб жаңа маусымды сәтсіз бастады. Жеті кездесудің алтауында қарсыластарына есе жіберіп қойды. Салдарынан турнир кестесінде ең соңғы орынды місе тұтып тұр.

барыс
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Жаңа маусым алдында бас бапкер қызметіне тағайындалған Дэвид Немировски команданы жеңіске жетелей алған жоқ. Салдарынан команда басшылығы оны қызметінен шеттетті. 

Бүгінгі ойында бас бапкер міндетін Евгений Королев атқарды. 

барыс
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Десе де бұл жолы да «Барыс» жанкүйерлер сенімінен шыға алған жоқ. Ойынның 5-минутында ресейлік клубтан Никита Гусев есеп ашса, Джордан Уил 26-минутта басымдықты арттырды.

Ал елордалық командадан 28-минутта Әлихан Өмірбеков есеп айырмасын қысқартса, Никита Гусев 43-минутта тағы бір мәрте көзге түсті. 

Осылайша «Барыс» қарсыласына 1:3 есебімен есе жіберіп, сәтсіздік сериясын жалғастырды.

барыс
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Енді қазақстандық команда бұдан кейінгі үш ойынын елордада өткізеді.

Алдымен 26 қыркүйекте Ресейдің «Сочи» клубымен ойнаса, одан кейін 28 қыркүйекте «Витязь» (Подольск), 30 қыркүйекте «Торпедо» (Нижний Новгород) командаларымен кездеседі.

барыс
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

 

Соңғы жаңалықтар