15:13, 19 Желтоқсан 2011 | GMT +5
Барлық кикілжің тек қана құқықтық негізде шешілуі қажет - ПГУ проректоры Мейрам Бегентаев
АСТАНА. 19 желтоқсан. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - «Қылмыскерлер Қазақстан халқы үшін қасиетті Тәуелсіздік күні соққы беруді таңдап алды», - деді ҚазАқпарат тілшісіне Павлодар мемлекеттік университетінің проректоры Мейрам Бегентаев Жаңаөзенде орын алған жағдайларға өз бағасын беріп.

Мен, менің таныстарым және туыстарымның, біздің оқытушылар мен студенттердің еліміздің ең үлкен мерекесін атап өту үшін балаларымен алаңға жиналған адамдарға, қалаға тағылықпен жасалған шабуылға зығырданы қайнады.
Менің ойымша, мұнайшылар мен олардың жұмыс берушілері арасындағы дау-дамайды Қазақ елінің достары емес арандатушылар өздерінің күдікті мақсаттарына пайдаланды. Бұл қылмыскерлер ұйымдастырған акция болды және ол жалпы айыптауға лайықты. Мен біздің Президентімізді және Жаңаөзендегі жағдайды тұрақтандыру үшін Мемлекет басшысы қабылдаған шараларды қолдаймын.
Біздің еліміз 20 жылдың ішінде үлкен жолды еңсерді. Біз құқықтық мемлекетпіз, сондықтан да барлық кикілжіңдер тек қана құқықтық негізде шешілуі қажет.