Барлық құқық қорғау органдарын реформалауды тереңдету қажет - Н.Назарбаев

ТАНА. 25 қараша. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Барлық құқық қорғау органдарын реформалауды тереңдету қажет. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының кезектен тыс 14-съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.
None
None

Барлық құқық қорғау органдарын реформалауды тереңдету қажеттігін баса айтқан Елбасы: «Жемқорлықпен күресті күшейту қажет», - деді.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, «Нұр Отан» партиясы жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңес құрып, оның 300-ден астам жалпыхалықтық желісіне басшылық жасады. Ел азаматтарының мыңнан астам өтініштері қаралып, олардың басым бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды, нақты шенеуніктер жазаланды.

«Біз жемқорлықпен күрес мәселелерінде ымырасыз болуымыз керек. партия кең ауқымды жемқорлыққа қарсы қозғалыстың басында болуы керек және болады да», - деді Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар