Барлық күштік органдардың арнаулы мақсаттағы бөлімшелері қызметкерлерінің жалақысын арттыру керек - Президент

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Барлық күштік органдардың арнаулы мақсаттағы бөлімшелері қызметкерлерінің жалақысын арттыру керек. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Барлық күштік органдардың арнаулы мақсаттағы бөлімшелері қызметкерлерінің жалақысын арттыру керек - Президент

«ҚР Ішкі істер министрлігінің арнаулы мақсаттағы бөлімшелерінің және Ұлттық ұланның санын арттыру, көлікпен және материалдық-техникамен қамтамасыз етілуі мәселесін шешіп, жауынгерлік дайындық деңгейлерін арттыру, қажетті арнаулы көлік құралдарымен қосымша жарақтандыру қажет. Барлық күштік органдардың арнаулы мақсаттағы бөлімшелері қызметкерлерінің жалақысын арттыру керек», - деді Мәжіліс отырысына бейнебайланыс арқылы қатысқан Қазақстан Президенті.