Барлық мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері Конституцияны қайта оқып, оның өмірде қалыптасуына қызмет етуі тиіс - Қ.Сұлтанов

Конституциямыз да, қабылданып жатқан заңдық кеңістігіміз де өркениет талабын сай. Бірақ сол заңды орындауға құлқымыз әлі де жеткіліксіз», деп атап өткен сенатор қоғамда, ең алдымен мемлекеттік қызметте заңға жүгіну санасы әлі толық қалыптаспағанына қынжылыс білдірді. Заңнан бұрын билікке құлақ асатындығымызды, алайда биліктің өзі тек заңнан туындайтынын ескере бермейтіндігімізді және заң сақтау мәдениетіміздің төмендігін баса айтты.
«Бұл орайда проблемалар да, кемшіліктер де, оспадарлық та жеткілікті. Әсіресе мемлекеттік мекемелер, министрліктер мен әкімшіліктер құқық қорғау органдарының барлық қызметкерлері, Конституцияны қайта оқып, соның өмірде қалыптасуына қызмет етуі тиіс. Қызметкерлердің өздерінің санасын өзгертуді құқықтық сана, құқықтық мәдениет қалыптастыруды іс жүзінде жүзеге асырсақ қана қоғамның денсаулығы әр уақытта түзу болады. Конституцияның да талабы осы», деді Қ.Сұлтанов.