Барлық мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың баспасөз қызметтері жұмыстарының нақты өлшемдерін әзірлеуі тиіс - Д.Мыңбай

Бұл туралы бүгін елордада өткен «Әлеуметтік қауіпсіздік және БАҚ» тақырыбындағы семинар барысында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай айтты.
Оның пайымынша, мемлекеттік органдар мен мүдделі құрылымдар тарабынан кез келген жанжалды жағдайларды жедел әрі барынша толық жариялау қажеттігі туралы нақты түсінік болуы керек. Өйткені, бүгінгі таңдағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың заманауи дамуын ескерсек, аталған фактіні жасыру мүмкін емес. Қазіргі қоғамда оқиғаның өзі емес, оның БАҚ-та жарық көруі барынша маңызды облып отыр.
«Өйткені көптеген құрылымдарда аталған қызметтердің толықтай жұмыс істемейтіндігі және белгі үшін ғана болатындығы құпия емес. Осыған орай бүгінгі семинардың қорытындысы бойынша барлық мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың баспасөз қызметтері жұмыстарының нақты өлшемдерін әзірлеуді ұсынамын. Министрлік Сіздердің ұсыныстарыңызды жинауға және аталған жұмыстарды жүйелендіруге дайын», - деді Д.Мыңбай.