Барлық өңірде кіріс бойынша жоспар асыра орындалды – министр

НҰР-СҰЛТАН. Қаз-Ақпарат – Жергілікті бюджеттердің кірісі 136,7% атқарылып, 1,3 трлн теңгені құрады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Ерлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Биыл әлемде экономикалық жағдайдың біртіндеп қалыпқа келуі экспорттық тауарлар бағасының орта есеппен 2,5% өсуіне әсер етті. Сонымен қатар, биыл қосылған құн салығын қайтарудың 1,6 есеге өсуі есебінен ішкі тұтыну тауарларына қосылған құн салығы бойынша жоспар орындалмаған», - дейді Ерлан Жамаубаев.

Оның айтуынша, жергілікті бюджеттердің кірісі 136,7% атқарылып, 1,3 трлн теңгені құрады.

«Жоспар 351 млрд теңгеге, оның ішінде салық бойынша 319 млрд теңгеге асыра орындалды. Барлық өңірде кіріс бойынша жоспар асыра орындалғаны байқалып отыр», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар