«Барселона» бесінші мәрте УЕФА Суперкубогын иеленді

Бірінші таймның соңында 4:1 есебімен каталондықтар алда тұрған.
«Барселона» командасының аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси қарсылас қақпасына айып алаңынан екі доп салды. Командаластары сапынан уругвайлық Луис Суарес пен бразилиялық Рафинья бір-бір голмен есепті еселеген. Алайда каталондықтар осы басымдықты ұстап тұра алмай, ойының негізгі уақыты аяқталғанша есеп 4:4 болды.
«Севилья» ойыншылары арасынан мергендігімен көзге түскендер мыналар: Эвер Банега, Хосе Антонио Рейес, Кевин Гамейро және Евгений Коноплянка.
Қосымша уақытта, яғни 115-ші минутта Педро дәл соққысымен «Барселона» командасына жеңіс сыйлады.
Осылайша, "Барселона" бесінші мәрте УЕФА Суперкубогын иеленіп, айтулы додада дәл осынша рет жеңіске жеткен "Миланмен" терезе теңестірді. Бұған дейін «Барселона» 1992, 1997, 2009 және 2011 жылдары жеңіс тұғырынан көрінген болатын.