Барселона билігі «круиздік» туризмді шектемек

АСТАНА. KAZINFORM – Испанияның Барселона қаласының билігі мен жергілікті порттың басшылығы 2030 жылы круиздік терминалдар санын 7-ден 5-ке дейін қысқарту туралы шешім қабылдаған, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Барселона
Фото: freepik.com

Аталған шара круиздік белсенділікті шектеуге бағытталған.

Мэрия мен Барселона порты әкімшілігі қол қойған келісімге сәйкес, А, В және С терминалдары Adossat жағалауынан алынып тастайды.

Олардың орнына 2028 жылы жаңа «С» платформасы пайда болады. Ол бір мезетте 7 мың жолаушыны қабылдауға қауқарлы. Бұл 12 800 адамға лайықталған үш терминалдың барлығының күшінен айтарлықтай аз.

Жобаға салынатын инвестицияның жалпы құны 185 млн еуро болады. Олар 2018 жылы салынған 265 млн еуроны толақтырады.

Соған қарамастан порттағы жолаушылар саны 37 мыңнан 31 мыңға дейін қысқарады. Испания билігі бұл шараның құрылымдық екенін айтады. Ол дегеніңіз туристік ағым азаймайды деген сөз.

2018 жылдан бері Барселонада круиздік туристер саны 20 пайызға артты. Алайда қала инфрақұрылымға деген қысым мен жергілікті тұрғындардың наразылығына дейін жеткен шектен тыс туризмнен зардап шегіп отыр.

Барселона мэрі Жауме Колбонидің айтуынша, жаңа жоспардың әсері біртіндеп байқалады және ол круиздік компаниялармен ынтымақтастық деңгейіне тікелей байланысты болмақ. Инфрақұрылымға қатысты шектеулер — бұл алғашқы қадам ғана, оның артынан қалаға келушілер санын бақылауға қатысты келісімдер қабылдануы тиіс.

Жақында қазақстандық оқушылардың Барселонадағы байқауда 13 медаль еншілегені туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар