«Барселона» ФК мамандары Алматыда балалар мен жасөспірімдерді футболға баулитын болады (ФОТО)

"La Masia de Can Planes" (каталон тілінен аударғанда "фермер үйі") - әдетте "Ла Масия" деп қысқартылатын «Барселона» ФК оқу академиясының атауы. Ол бүкіл әлемге танымал талай футболистерді тәрбиелеп шығарды. «Барселона» ФК жаздық футбол лагері "Ла Масия" академиясының жалғасы болып табылады, бүгінгі таңда оның футболдық машықтандыру бағдарламасы әлемдегі ең үздік бағдарлама болып табылады.
"Ла Масияның" тәрбиеленушілері қатарына Лионель Месси, Хави Эрнандес, Карлес Пуйоль, Жерар Пике, Серхио Бускетс, Пеп Гвардиола және көптеген басқа да есімдері әлемге әйгілі футболшылар жатады. 2002 жылдан бастап ол әлемдегі ең үздік академия болып танылды.
Лагерь 15-26 тамыз аралығында М.Горький атындағы ОМжДС, «Спартак» стадионы базасында өтетін болады.