Барша қазақстандыққа осындай зейнетақы тілеймін – Министр ең ауқатты зейнеткер туралы

 Светлана Жакупова
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Қазақстандағы ең жоғары зейнетақы туралы пікір білдірді.

Бұған дейін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры еліміздегі ең жоғары зейнетақы мөлшері 743 мың теңге екенін жариялаған еді. 

Осыған байланысты, бүгінгі брифингте журналистер министрден бұл ауқатты зейнеткердің кезінде қандай жалақы алғанын сұрады.

«Оның қандай жалақы алғанын айта алмаймын. Бірақ бұл адамның 1998 жылдан бері жоғары жалақы алатын жұмыстарда қызмет еткені – факт. Демек оның аударымдары максималды мөлшерде болған. Бұл айлығын конвертте жасырын алмай, әр жалақысының 10 пайызын аударып отырғанын көрсетеді. Барша қазақстандыққа осындай зейнетақы тілеймін», - деді министр Қазмедиа орталығында. 

Бұған дейін Еңбек министрі атаулы әлеуметтік көмек тек қана мұқтаж жандарға тағайындалатынын айтқан еді. 

Соңғы жаңалықтар