Баршамыздың алдымыздан шыққан қауіп-қатер қазіргі заманғы қоғамның идеялық негіздерінде жатыр - Дариға Назарбаева

АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат-  Баршамыздың алдымыздан шыққан басты қауіп-қатер қазіргі заманғы қоғамның идеялық негіздері мен қазіргі заманғы әлем тәртібі саласында жатыр.
None
None

Бүгін Астанада ашылған Х Еуразиялық медиа форумда аталмыш Форумның ұйымдастыру комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева осылай айтты.

Оның пайымдауынша, дағдарыс өсіп келе жатқан тұтынудың ахуалында еленбеген көптеген мәселелердің бетін ашты. Ол құндылықтар мен әділдік және моральдық тұрғыдағы мәселелерді екінші дәрежелі деңгейде қарастырмау керектігін атап өтті.

«Мен баршаларыңызды ашық әрі әділ пікір алмасуға шақырамын. Алдағы екі күн қарқынды, жемісті, сондай-ақ игілікті тілектестік жағдайында өтеді деген ойдамын», - деді Д. Назарбаева.

Айта кетейік, 11-12 қазан аралығында тұңғыш рет Астанада журналистердің, саясаткерлердің, қоғамдық пікір көшбасшыларының және бүкіл әлемнің медиа-сарапшыларының жыл сайынғы кездесуі - Х Еуразиялық медиа форумы өтеді. Х Еуразиялық медиа форумда негізінен әлемдегі басты оқиғалар мен олардың әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары айнасындағы бейнесі турасында әңгіме болмақ. Бұдан бұрын хабарланғандай, форумға әлемнің 40-қа жуық елінен 450-ден астам делегат қатысады.

Еске сала кетсек, Еуразиялық медиа форум - 2001 жылы Қазақстанда құрылған халықаралық, саяси емес ұйым. Шығыс пен Батыс арасындағы ынтымақтастықты дамытуға ықпал жасау ЕМФ мақсатына жатады. Форумның ұйымдастыру комитетінің төрайымы және жоба авторы Дариға Назарбаева жиынның негізгі мақсатын: «Шығыс пен Батыс көшбасшылары арасындағы өзара түсіністік пен диалогты нығайту арқылы аймақтық және ғаламдық мәселелерді ортақ түсінуге үлес қосу біздің мақсатымыз болып табылады», - деп атап өткен болатын.

Соңғы жаңалықтар