«Барыс» бүгін елордада ЦСКА командасымен кездеседі
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін елордада Ресейдің ЦСКА (Мәскеу) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған ойын бүгін, 12 қаңтарда елорда уақытымен 19:20-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Екі команда бұған дейін 27 мәрте кездесті. Оның 9-ы «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.
Қазір турнир кестесінде елу ойыннан кейін 48 ұпайға қол жеткізген «Барыс» 16-орында келеді.
Ал, қырық сегіз ойыннан кейін 67 ұпай жинаған ЦСКА 2-орынға жайғасқан.
Кейінгі он кездесудің бесеуінде қазақстандық клуб жеңіске жетті.
Еске салсақ, бұдан бұрын елордалық клуб «Адмиралдан» жеңіліп қалған еді.