«Барыс» бүгін елордада «Нефтехимик» командасымен кездеседі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін елордада Ресейдің «Нефтехимик» командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған ойын бүгін, 14 қаңтарда елорда уақытымен 17:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 39 мәрте кездесті. Оның 22-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.

Қазір турнир кестесінде елу бір ойыннан кейін 48 ұпайға қол жеткізген «Барыс» 18-орында келеді.

Ал, қырық тоғыз ойыннан кейін 47 ұпай жинаған «Нефтехимик» 20-орынға жайғасқан.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» елордада ЦСКА командасынан жеңіліп қалды.


Фото: hcbarys.kz

Соңғы жаңалықтар