«Барыс» бүгін елордада «Витязь» клубымен кездеседі
АСТАНА. ҚазАқпарат -«Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін елордада Ресейдің«Витязь» (Подольск) клубына қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған ойын бүгін, 1 қарашада елорда уақытымен 19:30-да басталып,«Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Екі команда бұған дейін 31 мәрте кездесті. Оның 22-сі«Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.
Қазір турнир кестесінде жиырма жеті ойыннан кейін 25 ұпайға қол жеткізген«Барыс» 18-орында келеді.
Ал, жиырма жеті ойыннан кейін 30 ұпай жинаған«Витязь» 11-орынға жайғасқан.
Кейінгі он кездесудің сегізінде қазақстандық клуб жеңіске жетті.
Еске салсақ, бұдан бұрын«Барыс» елордада«Адмиралға» есе жіберді.