«Барыс» бүгін плей-офф сатысындағы үшінші ойынын өткізеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық «Барыс» елордада құрлықтық хоккей лигасы плей-офф сатысында бүгін, 5 наурызда ресейлік «Металлург» (Магнитогорск) командасымен үшінші кездесуін өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Барыс» бүгін плей-офф сатысындағы үшінші ойынын өткізеді

Кездесу елорда уақытымен 19:30-да «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Магнитогорскіде өткен алғашқы кездесуде «Барыс» қарсыласынан 3:2 есебімен басым түссе , одан кейін 2:6 есебімен есе жіберді.

Енді тағы бір кездесу 7 наурызда елордада болады. Тағы бір ойын 9 наурызда Магнитогорскіде өткізіледі.

Бес матчта жеңімпаз анықталмаған жағдайда одан кейінгі 11 наурызда астанада өтеді.

Айта кетсек, «Барыс» шығыс конференциясында сегізінші орынға тұрақтаса, «Металлург» екінші орынға табан тіреді.

Екі команда бұған дейін плей-офф сатысында төрт мәрте жолықты. Оның екеуінде «Барыс» жарыс жалғастырса, екеуінде «Металлург» клубының жолы болды.