«Барыс» бүгін Ресейдің «Металлург» клубымен кездеседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін елордада Ресейдің «Металлург» (Магнитогорск) клубына қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Барыс» бүгін Ресейдің «Металлург» клубымен кездеседі

Аталған ойын бүгін, 21 қазан күні елорда уақытымен 19:30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 64 мәрте кездесті. Оның 24-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.

Қазір турнир кестесінде жиырма ойыннан кейін 23 ұпайға қол жеткізген «Барыс» 10-орында келеді.

Ал, жиырма ойыннан кейін 29 ұпай жинаған «Металлург» 2-орынға жайғасқан.

Кейінгі он кездесудің төртеуінле қазақстандық клуб жеңіске жетті.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» елордада «Торпедодан» басым түсті.