«Барыс» екі ойыншымен толықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астаналық «Барыс» хоккей клубының құрамына екі ойыншы қосылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Барыс» екі ойыншымен толықты

«Сарыарқа» ХК-ның құрамында өнер көрсеткен Антон Сагадеев (шабуылшы, 1993 ж.) пен Георгий Дульневты «Барыс» хоккей клубына ойнату туралы келісімге қол қойылды. Өткен маусымда Қазақстан құрамасының хоккейшілері тұрақты маусымның қорытындысы бойынша Жоғарғы хоккей лигасында үш мәрте топ жарған, плей-оффта ¼ финалға дейін жеткен «Сарыарқа» сапында өнер көрсеткен», - делінген «Барыс» ХК баспасөз мәлімдемесінде.

ЖХЛ-ғы Сагадеевтың жалпы статистикасы

Тұрақты чемпионат: 85 ойын, 13+14, белсенділік көрсеткіші +20, 54% ұтқан мүмкіндік.

Плей-офф: 21 ойын, 3+1, белсенділік көрсеткіші +2, 54,6% ұтқан мүмкіндік.

ЖХЛ-дағы Дульнаевтың жалпы статистикасы

Тұрақты чемпионат: 43 ойын, 0+0, белсенділік көрсеткіші +2.

Плей-офф: ойнамаған.

Сонымен қатар, «Барыс» клубына маусым алдында уақытша ауысу келісіміне Артём Лихотников қол қойды. Өткен маусымда ол да қарағандылық «Сарыарқаның» намысын қорғаған.