22:14, 11 Қазан 2022 | GMT +5
«Барыс» елордада «Куньлунь Ред Стар» командасынан жеңілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» (Бейжің) клубына қарсы өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ойын барысында қытайлық команда жинақы қимыл көрсетті. Нәтижесінде бірінші кезеңде олардың қатарынан Джек Родевальд 9, Брэндон Ип 13, Кори Кейн 15-минуттарда мергендік танытты.
Екінші кезеңде «Куньлунь Ред Стар» басымдықты арттыра түсті. Ойынның 29-минутында Зак Лесли есепті үстемелесе. 39-минутта Винсент Ловерде көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.
Осылайша «Барыс» қарсыласынан 0:5 есебімен жеңілді.
Енді «Барыс» кезекті ойынын 13 қазанда Ресейдің «Адмирал» (Владивосток) командасына қарсы өткізеді.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» «Ак Барстан» басым түскен еді.