«Барыс» елордада «Трактор» командасын жеңіп кетті
Алғашқы кезеңде қазақстандық команданың басымдығы байқалып тұрды.
Нәтижесінде олардың қатарынан Александр Борисевич 8, Никита Михайлис 10-минуттарда мергендік танытты.
Оған ресейлік клубтан Роб Хэмилтон 14-минутта бір голмен жауап қайырды.
Екінші кезең тартысты басталды. Қос команда шабуылға көбірек көңіл бөлді.
Осындай сәттердің бірінде «Барыс» сапынан Алекс Грант 38, 39-минуттарда қос голдың авторы атанды.
Үшінші кезеңде алғашқы минуттарда ресейлік команда ойыншылары белсенділігін арттырды.
Нәтижесінде 44-минутта Михаил Котляревский, 59-минутта Никита Сошников гол соғып кетті.
Осылайша «Барыс» қарсыласынан 4:3 есебімен басым түсті.
Енді «Барыс» алдағы ойынын 29 қаңтарда елордада Ресейдің «Динамо» (Мәскеу) командасына қарсы өткізеді.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» елордада «Северсталь» командасына есе жіберген еді.