«Барыс» ХК елордада Қазақстан Президентінің кубогы үшін сынға түседі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда ҚХЛ-дың маусым алдындағы дайындығы кезінде «Барыс» ХК және басқа да клубтардың қатысуымен Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогын өткізу туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
None
None

«Нефтехимик»-тің баспасөз қызметінің хабарлауынша, турнирге Нижнекамск клубы мен «Барыс» клубынан бөлек, «Магнитогорск Металлург», Екатеринбургтің «Автомобилист» және Қытайдың «Кунлунь Ред Стар» клубтары қатысады. Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы 16-19 тамыз аралығында Қазақстан астанасында өтеді.

Бұған дейін «Барыс» командасы тамыздың 24-27 күндері Челябі облысы губернаторының кубогына да қатысады.

Өткен маусымда Юрий Михайлистің командасы ҚХЛ-дың Шығыс конференциясында 8-ші орынға ие болса, кейін өткен Гагарин кубогындағы бес матчта «Магниткадан» жеңіліп қалған.


Соңғы жаңалықтар