«Барыс» хоккей клубы Екатеринбургке аттанды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсететін «Барыс» клубының бапкерлік штабы Екатеринбургке аттанған ойыншылардың тізімін жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Барыс» хоккей клубы Екатеринбургке аттанды

«Барыс» хоккей клубы мәлім еткеніндей, команда мынадай құрамда айдынға шықпақшы.

Қақпашылар: Хенрик Карлссон, Сергей Кудрявцев, Йони Ортио.

Қорғаушылар: Джесси Блэкер, Тамирлан Гайтамиров, Даррен Диц, Никита Клещенко, Алексей Маклюков, Леонид Метальников, Валерий Орехов, Виктор Сведберг, Егор Шалапов.

Шабуылшылар: Линус Виделль, Кёртис Волк, Дмитрий Гренц, Дмитрий Гурков, Якоб Лилья, Никита Михайлис, Максим Мусоров, Кирилл Панюков, Егор Петухов, Антон Сагадеев, Роман Старченко, Мэтт Фрэттин, Дмитрий Шевченко, Аркадий Шестаков.

Осының алдында СКА (Санкт-Петербург) командасымен өткен кездесуде жарақат алған Павел Акользин мен тағы бір шабуылшы Әлихан Әсетов тізімге кірген жоқ.

Екатеринбургте «Автомобилист» пен «Барыстың» ойыны 7 қазан күні сағат 20.00-де басталады. Матч Qazsport және КХЛ-ТВ телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

«Автомобилист» 12 кездесуден кейін 18 ұпай жинап, жалпы кестеде алтыншы, Шығыс конференциясында төртінші орында келеді. Ал 7 матч өткізіп, 9 ұпайға ие болған «Барыс» КХЛ кестесінде 18-інші, Шығыста 9-сатыда тұр. Сондықтан елордалық клубқа алдағы ойындарын барынша жинақы өткізіп, көбірек ұпай жинау қажет-ақ.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Барыстың» СКА командасын бес жылдан кейін жеңгенін жазған болатынбыз.