«Барыс» хоккей командасы ресейлік «Сибирь» клубын жеңіп кетті
Қатарынан бес мәрте жеңілістің ащы дәмін татқан қазақстандық клуб үшін жеңіс қажет болатын. Сондықтан бүгінгі ойында алғашқы минуттан бар күшін салуға тырысты.
Ойынның 8-минутында Джереми Бракко «Барыс» командасын алға шығарды.
Бірінші кезеңде қос клуб тарапынан гол соғатын мүмкіндіктер болған еді. Соған қарамастан таблодағы есеп өзгеріссіз қалды.
Екінші кезеңде ресейлік клуб таразы басын теңестіруге ұмтылды. Нәтижесінде 33-минутта «Сибирь» хоккейшісі Вячеслав Основин мергендігімен көзге түсті.
Ойынның 58-минутында «Барыс» сапынан Линден Вей гол соқса, 59-минутта Кирилл Савицкий қорытынды есепті белгіледі.
Осылайша «Барыс» қарсыласынан 3:1 есебімен басым түсті.
Енді «Барыс» алдағы ойынын елордада 3 қарашада Ресейдің «Адмирал» (Владивосток) командасына қарсы өткізеді.
Еске салсақ, бұдан бұрын елордалық клуб қатарынан бес мәрте жеңіліске ұшырады.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» «Салават Юлаевтан» ойсырай жеңілді.
Фото: hcbarys.kz