«Барыс» қатарынан үш жеңісінен кейін ҚХЛ көшбасшысы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) өз дивизионының көшбасшысы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

«Барыс» қатарынан үш жеңісінен кейін ҚХЛ көшбасшысы атанды

Қазіргі уақытта «Барыс» Чернышев дивизионында 23 ұпаймен бірінші орында тұр. Уфалық «Салават Юлаевтың» да ұпайы сондай, бірақ ол қосымша көрсеткіштер бойынша төмен орналасқан. Үшінші орында – 22 ұпаймен Новосибирскінің «Сибирі».

«Барыс» ҚХЛ матчында қатарынан үш жеңіске жетті: өз алаңында Владивостоктың «Адмиралын» (3:1), Хабаровскінің «Амурын» (5:1) және Нижгородтың «Торпедосын» (4:1) ұтты.

21 қазанда «Барыс» өз алаңындағы финалдық ойынын Магнитогорскінің «Металлург» командасына қарсы өткізеді.



Фото: sports.kz