«Барыс» қорғаушысы Алекс Грант бүгінгі покері жөнінде пікір білдірді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Елордалық «Барыс» командасының қорғаушысы Алекс Грант бүгінгі «Адмиралмен» кездесуіндегі покері жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Барыс» қорғаушысы Алекс Грант бүгінгі покері жөнінде пікір білдірді

«Құрлықтық хоккей лигасы басталғаннан бергі 15 жыл ішінде қаншама хоккейші ойын көрсетті. Солардың арасынан бір кездесуде төрт гол соққан қорғаушы болғаным – мен үшін мәртебе. Қашанда бірінші болу жағымдылық сыйлайды. Оған балаларым да қуанып жатыр. Мен мұндай көрсеткішпен ойында жеңіске жеткеніме қуаныштымын», - деп ой бөлісті канадалық қорғаушы ҚХЛ баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, «Барыс» ойыншысы, 33 жастағы канадалық Алекс Грант Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) тарихында 4 гол соққан алғашқы қорғаушы атанды. Аталған кездесуде «Барыс» қарсыласынан 5:1 есебімен басым түсті.

Айта кетсек, Алекс Грант 2004-2022 жылдар аралығында Ұлттық хоккей лигасында Канада және АҚШ командаларында ойнады. Өткен жылы Ресейдің СКА және қазақстандық «Барыс» командаларының намысын қорғады. Содан бері 31 кездесуде ойын көрсетті.


Фото: «Барыс» ХК