«Барыс» құрлықтық хоккей лигасындағы алғашқы ойынын қашан өткізеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық «Барыс» командасының Құрлықтық хоккей лигасындағы алғашқы ойынын қашан өткізетіні белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Қазақстандық команда жаңа маусымда алғашқы кездесуінде елордада 2 қыркүйекте Ресейдің «Салават Юлаев» (Уфа) командасымен шеберлік байқасады.

Ал одан кейін 4 қыркүйекте Ресейдің «Сибирь» (Новосібір) командасымен мұз айдынға шықса, 7 қыркүйекте Нососібірде аталған ұжыммен тағы бір кездесу болады.

Өткен маусымда шығыс конференциясында 11-орынды місе тұтып, плей-офф сатысына шыға алмады.

Еске салсақ, елордалық клуб демалыстан 16 шілдеде шығады.

Екі күн бойы ойыншылар медициналық тексерістен өтеді. Ал 19 шілде күні тест тапсыру жоспарланған.

Одан кейін 20 шілде - 8 тамыз аралығында Астанада оқу-жаттығу жиындарының бірінші кезеңі басталады.

Команда 10-14 тамыз аралығында Ресейдің Қазан қаласында өтетін TANECO кубогына қатысса, 20-25 тамыз күндері Омбыдағы турнирде бақ сынайды.


Соңғы жаңалықтар