«Барыс» Швейцариядағы Lehner Cup турнирін жеңіспен бастады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Барыс» хоккей клубы жаңа маусымға дайындық аясында Швейцарияда өтіп жатқан «Lehner Cup» турниріне қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Елордалық ұжым алғашқы ойында жергілікті «Амбри-Пиотта» командасын 4:1 есебімен жеңді. «Барысқа» жаңадан келіп қосылған шабуылшы Аркадий Шестаков 3 (2+1) ұпай жинады. Ол екі шайбаны да командасы азшылық болғанда соқты. Қақпада Хенрик Карлссон тұрды.

Ертең «Барыс» Швейцарияның тағы бір командасы «Цугпен» ойнайды. Одан әрі 20 тамызда «Давос», 22-сі күні «Лугано» командаларымен күш сынасады.

«Барыс» (Нұр-Сұлтан) – «Амбри-Пиотта» (Амбри) 4:1 (2:0, 2:1, 0:0)

1:0 - Шестаков (Петухов) - 10:57.

2:0 - Панюков (Петухов, Шестаков) - 18:13.

3:0 - Пакаринен (Диц) - 23:34.

4:0 - Шестаков - 32:26.

4:1 - Флинн (Цвергер, Фора) - 34:43.

Қақпашылар: Карлссон – Граховина.



Фото: hcbarys.kz

Соңғы жаңалықтар