Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны атқарудың прогрессивті жүйесін енгізу жоспарланады - ІІМ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны атқарудың прогрессивті жүйесін енгізу жоспарланады.
Бұл туралы бүгін Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформалар комитетінің кеңейтілген отырысында мәлім болды. Онда жаңа редакциядағы Қылмыстық-атқару кодексінің жобасы талқыланған болатын.
ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Амантай Күреңбековтің айтуынша, Кодекс жобасында ең алдымен бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны атқару тетіктері жетілдіретін болады. «Бұл ретте жазаны атқаруды прогрессивті жүйе бойынша енгізу жоспарланады. Мұндай жүйені қоныс-колониялары мен түрмелерде енгізілуі көзделеді. Жаңа жүйе ең алдымен сотталғандарды ұстау жағдайын сатылап өзгертуді қарастырады, ең бастысы олардың құқықтық тәртіпке бағынушылығына негізделген жүріс-тұрысын ынталандырады», - дейді Амантай Күреңбеков.
Оның айтуынша, осы жаңа жүйеге сәйкес, бас бостандығынан айырылғандар түрмелерде ұстаудың әдеттегі жағдайында жазаларын өтей бастайтын болады. Ал кейінірек, жүріс-тұрысына қарай сотталғандар ұстаудың қатаңдатылған немесе жеңілдетілген жағдайына ауыстырылады.
Бұдан бөлек, Қылмыстық-атқару кодексі жобасымен сотталушыларды мінез-құлқына, жүріс-тұрысына байланысты «оң» және «теріс» деп жіктеу көзделеді. «Бұның өзі тәрбие үдерісіне сараланған түрде қарауға септігін тигізбек», - дейді ІІМ орынбасары.