Бас директорға қарсы іс қозғалған жоқ – Атырау мұнай өңдеу зауыты

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры Ғалымжан Жусанбаевқа қатысты қылмыстық іс қозғалды деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Зауыттың баспасөз қызметі осындай ақпарат таратты.

Бас директорға қарсы іс қозғалған жоқ – Атырау мұнай өңдеу зауыты
Фото: СҚО ПД баспасөз қызметінікі

— Телеграм-арнада және басқа да ақпарат көздерінде таралған ақпарат жалған және шындыққа жанаспайды. «АМӨЗ» ЖШС мен оның басшылығының атына құқық қорғау органдарының тарапынан ешқандай ресми хабарлама немесе сұраныс түскен жоқ. Тергеудің жүріп жатқаны туралы ақпарат — зауыт пен оның қызметкерлерінің беделіне нұқсан келтіруге бағытталған әрекет, — деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз қызметі. 

Қазір «АМӨЗ» ЖШС қызметін штаттық режимде жұмыс істеп тұр. 

— БАҚ өкілдері мен жарияланым авторларын жалған, тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырамыз. Мұндай әрекеттер қоғамды жаңылыстырып қана қоймайды, сонымен қатар кәсіпорынның іскерлік беделіне, қызметкерлердің әл-ауқатына айтарлықтай зиян келтіреді. «АМӨЗ» ЖШС мұндай жалған мәліметтер одан әрі таралған жағдайда заңды мүддесін қорғау мақсатында жалған ақпаратты таратушыларды жауапкершілікке тарту үшін құзырлы органдарға жүгінеді, — деп мәлім етті зауыттың баспасөз қызметі. 

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау мұнай өңдеу зауытының қондырғысынан будақтап бу көтерілгенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар