Бас көлік прокуратурасы Шамалғандағы апатты тергеу барысын бақылауға алды

«Бүгін, 15 қыркүйек күні Ақсеңгір-Шамалған теміржол өткелінде Алматы-Қостанай бағытындағы пойыз жолаушылар автобусымен соқтығысты. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға орнында бір адам қайтыс болды. 4 адам түрлі дене жарақатын алды. Аталған факті бойынша полицейлер ҚР ҚК 345-бабы 3-тармағы; ҚР ҚК 344-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тергеу барысын Бас көлік прокуратурасы бақылауға алды» делінген Бас прокуратураның баспасөз қызметі таратқан ресми ақпаратта.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін 19:30 минутта Шамалған станциясында пойыз бен автобус соқтығысты. Алдын ала болжам бойынша, автобус темір жолдың релсіне шығып кеткен. Оқиға орнында автобус жүргізушісі мерт болды. Тағы үш адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақсеңгір-Шамалған теміржол өткелінде поезд бен автобус соқтығысынан жапа шеккендердің туған-туыстарына көңіл айтты.