Бас Мүфти: Дін насихаты мешіт қабырғасымен шектелмеу керек

АСТАНА. 3 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің Қарағанды облысына іс-сапары мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Теміртаудағы Тұңғыш Президент тарихи-мәдени орталығындағы экспозициялармен танысудан басталды. Бұл туралы muftyat.kz хабарлады.
None
None

Мұражай жәдігерлерімен танысқан дінбасы осы ғимараттың конференция залында 200-ге жуық Теміртау қаласының студенттерімен кездесу өткізді. Бас мүфти Қазақстанда діни жұмыстардың бүгінгі таңда заман талабына сай сапасы көтеріліп, сан-салалы бағыт алып отырғанын атап көрсетті. Мүфти діни уағыз, үгіт-насихат тек мешіттерде ғана шектелмей салмақты әрі кең аудиторияларда айтылып, интернет пен ғылыми-ақпараттық жетістіктерді қолдана отырып ақпараттық кеңістіктерде жүргізілу керектігін алға тартты. Еліміздің болашағы жастардың діни дүниетанымы мен асыл дінімізді сауатты да саналы түрде тануына, адасқан ағымдардың арбауынан сақтанудың сара жолдары турасында кеңінен әңгімеледі.

Студенттер Бас мүфтиге өздерімен кездесуге уақыт тауып келгеніне алғыстарын айта келіп, сауалдар қойып толыққанды жауаптар алды.

Соңғы жаңалықтар