12:51, 04 Желтоқсан 2016 | GMT +5
Бас прокуратура елордалықтардың қауіпсіздік пен көлікке қатысты шағымдарын қабылдауда
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Бас прокуратурасы мен Астана қаласының әкімдігі елорданың өзекті мәселелеріне қатысты, талдау жұмыстарын жүргізуде. Бұл туралы қадағалау органының баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған жұмыс қорытындысы бойынша «Елордадағы қауіпсіздік және жайлылық» жобасы шеңберінде кешенді жоспар түзіледі, оның жүзеге асырылуы қала тұрғындары мен қонақтарына қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
«Астана - еліміздің визит карточкасы. Сондықтан Сіздердің пікірле-ріңіз бізге маңызды. Мүмкін Сіз жол қозғалысы мен қоғамдық көлік жұмысын ұйымдастыруға байланысты, сауда нүктелерінің қашықтығы немесе демалыс орындарының орналасуында қолайсыз жағдайларға тап болғансыз», делінген хабарламада.
Осы мақсатта сілтеме бойынша сауалнама жүргізіледі. Ал ондағы тұрғындардың ұсыныстары кешенді жоспар әзірлеу барысында ескеріледі.