Бас прокуратура ҚХР мен АҚШ-тан төрт қазақстандықты жазасын отанында өтеуге қабылдайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Бас прокуратурасы ҚХР мен АҚШ-тан төрт қазақстандықты жазасын отанында өтеуге қабылдайды, деп хабарлады бас қадағалау органының халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы Сергей Досполов.
None
None

«Өткен бес жыл кезеңінде Қазақстан біздің 152 азаматты қабылдады. 2015 жылдың тамыз айынан бері Қытайдан тоғыз жерлесіміз қабылданды, тағы да екеуін жақын арада күтудеміз. 2015 жылдың желтоқсан айында 1993 жылғы Қылмыстық жазаны шетелде өтеудің америкааралық конвенциясына қосылуымызға байланысты Қазақстанға Америка құрлығында жазасын өтеп жатқан азаматтарымызды аударып алу мүмкіндігі туындап отыр. Мысалға, қазір АҚШ-та әртүрлі мерзімге сотталған екі азаматымызды аударып алу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр», деді С.Досполов сұхбатында. .

Оның айтуынша, ағымдағы жылғы наурыз айында қытайлық тарап 42 жасар Алматы тұрғыны М. деген азаматты жазасын әрі қарай өтеу үшін бізге берді. 2003 жылы ол Үрімшіде адам өлтіру айыбы бойынша ұсталған болатын. 2004 жылы Қытай сотымен өмір бойы бас бостандығынан айрылып, кейін жаза мерзімі қысқартылды. Ол жазасын Үрімші түрмесінде өтеп жатқан болатын.

«Осы уақыт ішінде біздер сотталған 265 шетел азаматын бердік, оларды ұстау үшін жұмсалатын 375 млн. теңге шығындалмай, қазақстандық бюджетті үнемдеді», - деп түйді сөзін С.Досполов.

Соңғы жаңалықтар